Қазақ тілін
кириллицадан латынға,
керісінше аударыңыз.
Лезде.
Транслитератор туралы
Дарынды, дана, жүрегі жарық,
өз ісінің нағыз шебері
Муратканова Әмина Ерзатқызының
естелігіне арналады.
"Транслитератор" оның өзінің сабақтарында біздің топқа арнаған тапсырмаларының арқасында әзірленді.
Жоба қазақ әріптерін орыс аналогтарымен ауыстыруға арналған "Транслитератор" қолданбасының негізінде іске асырылды. Ол "латын қазақ транслитерациясы" сұранысы бойынша іздеу құралдарда жиі шыға берді. Әрине, бағдарламада бұл функционал болған жоқ. Енді бар болып, осы ережеге негізделген:
Болашақта әліпбидің өзектілігін сақтау үшін, әліпбиде жаңа өзгерістер пайда болған сайын Транслитераторды жаңартатын боламын.
Құрал дәл болуға тырысады, дегенмен қателіктері шығып тұруы мүмкін. Маңызды құжаттармен жұмыс істеген кезде аударма нәтижелерін өзіңіз тексеріп тұрыңыз. Маңызды мәтіндерді қолданар алдында қалаңыздың "Мәдениет және тіл дамыту бөлімі" ММ-мен келісімімен қолданыңыз.
2018
Бағдарламаның алғашқы нұсқасын Python-да жаздым, қанағаттарлық нәтижелер көрсетті. Алайда, бұндай түрде қолданбаны
тарату қиын болды — оны іске қосу үшін компилятор немесе онлайн IDE сияқты сайттарға кіру қажет болды.
Сондықтан жобаны JavaScript-те қайта жазып, браузерде ашылудың артықшылықтарын пайдалана алдық.
2019
Isoteric Studio (Мәскеу, Ресей) компаниясымен бірге қолданбаның смартфондарға арналған нұсқасы әзірленді. Код алғаш рет Java тілінде жазылған болатын, APK файлды жүктеп қолдануға мүмкіндік ашылды.
2022
Әлихан Бөкейхан университетінің (Семей, Қазақстан) қолдауымен жоба "Транслитератор бағдарламалық жасақтамасы" авторлық куәлігін алуға ұсынылды.
2024
Транслитератор веб-сайтының бірегей келушілерінің рекордтық саны — жылына 8 600 адамға жетті. Сол кезде біз олардың көбісін сайтқа қазақ латын транслитерациясы үшін келгенін байқадық.
Бағдарламаның жұмыс істеу жолдары жаңа Android нұсқасында қайтадан қаралды, енді ол сіздің барлық орындаған соңғы транслитерацияларыңызды есте сақтай алады.
Кириллицадан латынға, және керісінше транслитерация алғаш рет іске асырылды.
2025
"Кириллица-латын" транслитерациясы енді веб-сайтта да қолжетімді болды.
Қолдану жағдайлары
Қолданбалардағы
кодтаулар
Қазақ әріптерін қолдамайтын бағдарламаларда немесе веб-қолданбаларда жұмыс істеген кезде мәтін
жиі сұрақ белгілеріне, иероглифтерге айналады.
Мысалы: Word-тан ескі бағдарламаға мәтінді көшірген кезде "Ә, Ғ, Ү" әріптерінің бір бөлігі "?" ретінде көрсетіледі.
Шешім: кириллицадан латынға транслитерацияланған мәтін оқылу ыңғайлылығын сақтауға және оны қолданбадағы дұрыс өңдеуге мүмкіндік береді.
Қазақ тілі жоқ
қаріптер
Қаріп кириллицаны қолдаса да, онда арнайы қазақ әріптері (Ә, Ғ, Ө, Ү, Ұ, Ң, Ш, Ж, Қ) болмауы мүмкін.
Бұл жағдайда мәтін тіктөртбұрыштармен немесе бос шаршылармен жабылады.
Шешім: қазақ кирилл әріптерін латынмен немесе түрлендіргіш арқылы орыс аналогтарымен
ауыстырыңыз, қаріпті өзгертпей мәтінді оқуға ыңғайлы етіп сақтаңыз.
Кесте үшін
нормализация
Кейбір құралдар және бағдарламалар (Excel, ескі дерекқорлар, CRM) қазақ әліпбиін
сұрыптауда немесе фильтрацияда дұрыс өңдей алмауы мүмкін.
Мысалы: "Ә" және "Ө" бар сөздер қате сұрыпталады, не бағдарламаның қателігіне себепкер бола алады.
Шешім: кириллицадан латынға транслитерация таныс құралдарды қателіктерсіз пайдалануға мүмкіндік береді және
жұмыс ыңғайлылығын сақтайды, содан кейін қажет болған жағдайда мәтінді қайтадан кириллицаға айналдыруға болады.
Артықшылықтар
Отандық әзірлеме
Бағдарлама "Қазақстанда жасадық" қоғамдық-патриоттық қозғалысының ресми қатысушысы
Жоғары жылдамдық
Түрлендіру процесінің максималды оңтайландырылуының арқасында нәтижені лезде көрсетеді
Тегін
Муратканова Ә. Е. оқытушымыздың естелігінде Транслитератор әрқашан тегін болып қала береді
Барлық жерде ашылады
Сайтқа кез келген құралыңызбен кіре аласыз, сонымен қатар Android және Windows қолданбалары бар
Жадыны аз алады
Бағдарламаны қолданудың ыңғайлылығын оның өлшеміне әсер етпейтіндей жасауға тырыстым
Құпиялылық
Ешбір ақпарат серверлерге жіберілмейді, бүкіл мәтінді өңдеу процесі сіздің браузеріңізде жүзеге асырылады