Қазақ әріптерін олардың
орыс аналогтарына айналдырыңыз.
Лезде.
Транслитератор туралы
Дарынды, дана, жүрегі жарық,
өз ісінің нағыз шебері
Муратканова Әмина Ерзатқызының
естелігіне арналады.
Бұл бағдарлама оның өзінің сабақтарында біздің топқа арнаған тапсырмаларының арқасында әзірленді.
Жобамыз практикалық тапсырмалардан туындады: Autoplay Media Studio-да жұмыс істеген кезде қазақ тіліндегі қолданбаны дайындау қажет болды. Мәтінді енгізген кезде жүйе символдарды қате көрсетіп, оларды сұрақ белгілерімен ауыстыра бастады:
Әріптерді өз қолдарымызбен орыс аналогтарға ауыстыруға тым көп уақыт пен күш алып тұрды. Сонда транслитерацияны автоматты түрде жүргізе алатын құрал жасау керектігін түсіндім.
2018
Бағдарламаның алғашқы нұсқасын Python-да жаздым, қанағаттарлық нәтижелер көрсетті. Алайда, бұндай түрде қолданбаны
тарату қиын болды — оны іске қосу үшін компилятор немесе онлайн IDE сияқты сайттарға кіру қажет болды.
Сондықтан жобаны JavaScript-те қайта жазып, браузерде ашылудың артықшылықтарын пайдалана алдық.
2019
Isoteric Studio (Мәскеу, Ресей) компаниясымен бірге қолданбаның смартфондарға арналған нұсқасы әзірленді. Код алғаш рет Java тілінде жазылған болатын, APK файлды жүктеп қолдануға мүмкіндік ашылды.
2022
Әлихан Бөкейхан университетінің (Семей, Қазақстан) қолдауымен жоба "Транслитератор бағдарламалық жасақтамасы" авторлық куәлігін алуға ұсынылды.
2024
Транслитератор веб-сайтының бірегей келушілерінің рекордтық саны — жылына 8 600 адамға жетті.
Бағдарламаның жұмыс істеу жолдары жаңа Android нұсқасында қайтадан қаралды, енді ол сіздің барлық орындаған соңғы транслитерацияларыңызды есте сақтай алады.
Кириллицадан латынға, және керісінше транслитерация алғаш рет іске асырылды.
2025
"Кириллица-латын" транслитерациясы енді веб-сайтта да қолжетімді болды.
Қолдану жағдайлары
Қолданбалардағы
кодтаулар
Кейбір бағдарламаларда жұмыс істеген кезде мәтіндегі қазақ әріптері
сұрақ белгілеріне немесе басқа иероглифтерге айналады.
Біз бұған шешім таптық. Осы қазақ әріптерін транслитерациялайтын түрлендіргішті жасадық.
Қазақ тілі жоқ
қаріптер
Кириллицаны қолдайтын қаріпте қазақ тілдің болмауы өкінішке әкеледі.
Ал бүкіл мәтін болса – тіктөртбұрыштармен қапталып кетеді.
Уақытыңызды, қарібіңізді сақтау үшін осындай қақтығысқан әріптерді Транслитератор арқылы орыс аналогтарымен ауыстыруға болады.
Кесте үшін
нормализация
Сіздің сүйікті құралыңыз кемшіліктерге тап болуы мүмкін. Мысалы, олардың бірі – әліпбилік сұрыптауда. Немесе қазақ
әріптердің ескі бағдарламаның қатеге ұшырауына себебі бола алады.
Біздің түрлендіргіш жайлылығыңызды сақтауға көмектеседі — сіз өзіңізге таныс бағдарламаны пайдалануды жалғастырасыз да,
жаңа құралдарды үйренуге уақытыңызды кетірмейсіз.
Артықшылықтар
Отандық әзірлеме
Бағдарлама "Қазақстанда жасадық" қоғамдық-патриоттық қозғалысының ресми қатысушысы
Жоғары жылдамдық
Түрлендіру процесінің максималды оңтайландырылуының арқасында нәтижені лезде көрсетеді
Тегін
Муратканова Ә. Е. оқытушымыздың естелігінде Транслитератор әрқашан тегін болып қала береді
Барлық жерде ашылады
Сайтқа кез келген құралыңызбен кіре аласыз, сонымен қатар Android және Windows қолданбалары бар
Жадыны аз алады
Бағдарламаны қолданудың ыңғайлылығын оның өлшеміне әсер етпейтіндей жасауға тырыстым
Құпиялылық
Ешбір ақпарат серверлерге жіберілмейді, бүкіл мәтінді өңдеу процесі сіздің браузеріңізде жүзеге асырылады